Өлең, жыр, ақындар

Ульба жағасындағы кеш

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 14.08.2018
  • 0
  • 0
  • 1949
Сол түнгі аспан тұнық тым,
Ән қалқыған жырақта.
Сол бір ғажап тымық тұн,
Қайталанбас бірақ та.
Ульба үсті шымырлап,
Ақшабаққа көмілген,
Сол түні үнсіз сыбырлап,
Жұлдыз да ұзақ көз ілген.
Бар маңайды түн жайлап,
Маужыраған бір қалып.
Жағалауда тұрды ойлап,
Ақ қайындар ырғалып.
Ұйқылы-ояу тұр дала,
Тыныстап бар тіршілік.
Тек — танымсыз бір ғана,
Аунайды Ульба күрсініп.
Жалтылдап толқын құбылып,
Жатады құшып нұрлы айды.
Жалт қарайды бұрылып,
Жаныңды тербеп жырлайды.
Ағады Ульба ақыраған,
Құшып қайың етегін.
Бірін-бірі сапыраған,
Көремін толқын жетегін.
Қандай әсем кеш еді,
Сыңғырлаған сұлу үн.
Күндер жылжып көшеді,
Кеудеме құйып жылуын.
Толқын әнін ал тыңдап,
Сырлы, тұнық ол аса.
Жалғыз қайық қалтылдап,
Кетті жүзіп оңаша...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ульба жағасындағы кеш өлеңінің авторы кім?

Марфуға Айтқожина — осы өлеңнің авторы.

Ульба жағасындағы кеш өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Ульба жағасындағы кеш өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Марфуға Айтқожина өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ульба жағасындағы кеш өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері