Әлжеке – Тайыр Жароков

Бұл бетте «Әлжеке» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 792
Әлжеке, жақпарында жүрек таудың,
Сен жастан қолға қайла, күрек те алдың.
Ержете қайла орнына қалам ұстап,
Таңында тас түлектей түлеп те алдың.
Жастықты ұмыттырсын елу неге?
Елуді егде жасқа келу деме!
Жас кезгі мен танысқан өз қалпында
Тұрсың сен жас емендей елуде де...

1957


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері