Уағда – Ырысбек Дәбей

Бұл бетте «Уағда» атты Ырысбек Дәбей жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 10.08.2021
  • 0
  • 0
  • 601
Жанарда жасын боп сөнген,
Хұсни дидарың ғайып.
Қабірдей сұп-суық бөлмем,
Түн жылар шаштарын жайып.
Есігі ашылар кімнің,
Бұл жерде жоқсың ба әлде?
Желегі жыртылған жылдың,
Айналдық қуарған тәнге.
Терезе алдында тұрып,
Сары түске боялған шырағдан.
Үзілген тамшыдай тұнық,
Қайда сол айнымас уағдаң?
Елеске айналар бәрі,
Бұл көңіл елікпес әнге.
Тым ұзақ қаңтардың таңы,
Қалғимын естанды халде.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері