Ойлар – Марфуға Айтқожина

Бұл бетте «Ойлар» атты Марфуға Айтқожина жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 06.09.2018
  • 0
  • 0
  • 2147
Түн ұзақ, аунақшып жатырмын,
Жұлдыздар сирексіп қалыпты.
Жат бопты-ау, дегенім жақынмын,
Бұл жаным бәрінен жалықты...
Жымисаң күлді деп сенгемін,
Кім білсін, күлкіңнің ызғарын.
Көкейге бір тыныс сен бе едің,
Тым биік көрінген құздарың.
Түсіндім күлкіңнің астарын,
Бұл жаным жиренді сенен де.
Сен мені үркіте жасқадың,
Айтшы енді, басқаға сенем бе?
Сонда да жүргем жоқ жауығып,
Келме де, көңілімді сұрама.
Кетермін осыдан сауығып,
Ал, өлсем, жылама.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері