Қас қыранның ажалы – Марфуға Айтқожина

Бұл бетте «Қас қыранның ажалы» атты Марфуға Айтқожина жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 02.09.2018
  • 0
  • 0
  • 2286
(Саятшы аузынан)
Құзар шың,
Аслан астынан,
Шабытты ұшқан қас қыран
Ұяға кештеу оралды,
Есесін алып қасқырдан.
Ұшындай болат тебеннің
Қадалды тасқа тегеурін.
Қан соқты орақ тұмсығы
Жүзіндей қырлы егеудің.
Тояттап алған жемсауы,
Секілді жұмыр жер шары.
Биікте қыран сілкінсе,
Бұрқырап ұшты жол шаңы.
Құзар шын.
Шатқал.
Сай-сала
Құпиясын оған айта ма.
Қалғыды қыран жарықтық
Маңында не жүр,
Байқамай.
Бүркіттен мана жасқанып,
Жапсарды жатқан жастанып
Сары балақ үкі
Қыранның
Бұрады мойнын бас салып.
Тағдырдың бұл да мазағы,
Айтылар жыры азалы...
Қиялап ұшқан қыранның
Үкіден келді ажалы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері