Шілдедегі ақ жауын

Бұл бетте «Шілдедегі ақ жауын» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.07.2021
  • 0
  • 0
  • 689
Бурабай,
Аршылады бұлтың қашан?
Мінезің бір күн босаң, бір күн масаң.
Қамыстай қаулап өскен қарағайдың
Қай күні ұстарамен мұртын басам?
Қабарып қаба сақал – қара тасың,
Аңсарды аспан жаққа қаратасың.
Тал түсте талағыңнан тарс айрылып,
Ішіне тар кепештің қаматасың.
Көретін көк аспанды күнде көзім
Үлде мен қайда, апыр-ау, бүлде кезің?
Ұрымнан ұрын келіп үр қызына
Құмартып құшағыңа кірген өзім!
Есің жи,
Ебіл-дебіл жылай берме,
Еркін-шат еркелігің ұнайды елге.
Есіктен енбей жатып төрге озатын
Еріккен, желіккенге құлай берме.
Сөзіме Алла куə, аспан айғақ:
«Қоңсыға» тағдыр бізді қосқаны айғақ.
Жағасын жасыл жұмақ Шортанкөлдің
Кетпесін кешегідей шошқа жайлап!..
Тегіміз болғаннан соң түрік біздің,
Келмейді шырт мінезбен шырық бұзғым.
Көшірген көк жұлдызын тұнығына
Сексенкөл көзі емес пе қырық қыздың?!
Ай, күн мен айыра алмай жыл арасын,
Қай жаққа қаңғымады мына басым...
Көз жасы Қырық қыздың аз болғандай,
Бурабай, неге сонша жыланасың?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шілдедегі ақ жауын өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Шілдедегі ақ жауын өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шілдедегі ақ жауын өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шілдедегі ақ жауын өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері