Әбдірахман өліміне – Абай Құнанбайұлы

Бұл бетте «Әбдірахман өліміне» атты Абай Құнанбайұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 08.03.2019
  • 0
  • 5
  • 30413
Талаптың мініп тұлпарын,
Тас қияға өрледің.
Бір ғылым еді іңкәрің,
Әр қиынға сермедің.
Көзіңді салдың тұрғыға,
Бейнетін қиын көрмедің.
Бірге оқыған құрбыға
Бас бәйгені бермедің.
Бала болдың, жас болдың —
Жалғандыққа ермедің.
Төре болдың, бас болдың —
Көкірегіңді кермедің.
Ел ішіне сау келсең,
Тағылым айтпас ер ме едің?
Жол көрсетіп сонда өлсең,
Арманым бар дер ме едім?
Іздеп табар жалғаннан,
Бала берген пенде едім.
Пенде өлмейді арманнан,
Мінеки, мен де өлмедім.


Пікірлер (5)

Дархан

керемет өлең

Айсезім

Ұлы тұлға Абай Құнанбаев атамыз мәңгі есімізде сақтаймыз

Асан

Дұрыс жазылмаған дұрыстап жазып үйрен

Инабат

Керемет өлең

Зарина

Абай Құнанбайұлының «Әбдірахман өліміне» өлеңі шынымен жүрекке қатты әсер ететін туынды екен. Өлеңді оқығанда әкенің баласына деген шексіз махаббаты мен ауыр қайғысы өте терең жеткізілгені сезіледі.

Маған бұл өлеңнің ең ұнаған жері — әр жолының шынайылығы. Абайдың сөздері арқылы адамның ішкі жан дүниесі, өмірдің мәні және тағдырдың ауыр сынақтары анық көрінеді. Осындай мағыналы қазақша өлеңдер адамды ойландырады, рухани байытады.

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері