Сүйінші

Бұл бетте «Сүйінші» атты Марфуға Айтқожина жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.09.2018
  • 0
  • 0
  • 2932
Ұлы Отанның аралап қиыр шегін,
Көкірегінде лапылдап сүю, сенім,
Келе жатыр көктемің жарқын күліп,
Сүйінші бер,
Халайық,
Сүйінші, елім!
Жыр көтеріп келеді ол
Толып-тасқан,
Күй көтеріп келеді ол
Көбік шашқан.
Гүл көтеріп келеді ол
Алуан-алуан,
Күн көтеріп келеді көрікті аспан!
Таң нұрына бірінші бөленетін.
Сүйіншіме,
Диқандар,
Не бересің?!
Берсең болды миллиард ақ наныңды,
Ұлы Отаным ырысқа кенелетін.
Сай-салаға дүркіреп төл еретін,
Сүйіншіме,
Жылқышы,
Не бересің?!
Берсең болды жүйрік бір құнаныңды
Көк белеске көсілтіп жөнелетін.
Қыр қыдырып,
Гүлдерін теріп келер,
Сүйіншіңе,
Балалар,
Сеніп келем.
Берсең болды күлкіңнен күміс үнді,
Берсең болды көңіліңді,
Періштелер!
Қозы Көрпеш,
Үкілі Ақ Баяндар
Кезің келді жұптасып баққа аяңдар.
Сүйіншіңді бәрің де дайындай бер,
Ағыңнан бір жарылып,
Жақсы адамдар!
* * *
Жаңбырдан жаңбыр...
Толастар емес бір ауық,
Сәуірдің бұлты неліктен сонша жылауық?!
Отырмын әлі ойларға малтып беймаза,
Кеткен де болар әлдеқашан түн ауып.
Құяды жаңбыр,
Құяды бір сәт тынбастан.
Қабағын мүлдем алыпты түйіп түнгі аспан.
Қарасам бұлдыр әйнектен сыртқа қараңғы,
Ақ қайың мүлгіп,
Тамшымен тілсіз мұңдасқан.
Соғады жарға,
Ойларым сонша жаңғалақ.
Еркіне мүлдем
Еріксіз мені алды орап.
Елеске елтіп,
Елендей берем неліктен,
Көңілім, мүмкін,
Тұр ма екен асқақ ән қалап!
* * *
Қайта оралды жыл құсы күзде кеткен
Топырағын жасырды түз желекпен.
Тұрмын тағы өзіңді есіме алып,
Үмітіңді біржола үз демек пе ең.
Алматының,
Білесің,
Көктемі ерек,
Сенсіз маған табиғат өкпелемек.
Беріп ен ғой сен маған гүлін үзіп,
Содан қырын қарайды көп көбелек...
Жағаладым өзіңсіз ақ бұлақты,
Неге жалғыз келдің деп,
Тасқын атты.
Неге жалғыз жүрсің деп,
Алатау да
Табанымның астына тас құлатты.
Үзілмеді, қайтейін,
Үз десең де,
Сол үміттің құлымыз біз де,
Сен де.
Үміттеніп өзіңнен жүрген кезде,
Жолығам ба деп қорқам бір кеселге.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сүйінші өлеңінің авторы кім?

Марфуға Айтқожина — осы өлеңнің авторы.

Сүйінші өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сүйінші өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Марфуға Айтқожина өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сүйінші өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері