Туған күн

Бұл бетте «Туған күн» атты Ескен Елубаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Туған күндер мынадай
Көктемде көп неткен де.
Бестi,
Дөнен,
Құнан,
Тай...
Туған бəрi көктемде.
Тоқты,
Тана,
Тайлақ жүр...
Шыбын, балық, құс та, аң...
Туған күнiн тойлап жүр,
Құшақтап гүл ұстаған...
Қандай жақсы бұлар кiл
Туғандары көктемде.
Əйтпесе ғой, сыйлар гүл
Бас-басына жеткен бе?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Туған күн өлеңінің авторы кім?

Ескен Елубаев — осы өлеңнің авторы.

Туған күн өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Туған күн өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ескен Елубаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Туған күн өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері