Фантазия

Бұл бетте «Фантазия» атты Ескен Елубаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 19.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1189
Түн болғанда қарасаң,
Көресiңдер, балалар:
Жарқыраған тамаша
Аспанда бiр қала бар.
Қаланың ең алыбы
Бүкiл көктi жайлаған.
Терезелер жарығы
Жұлдыз болып жайнаған.
«Құс жолы» – бас көше де,
«Ай» автобус мiнетiн.
Жолаушыны нешеме
Тасымалдап жүретiн...
Бұл қаланың жандары –
Бəрi талант, бəрi ақын.
Таңға сөнбей шамдары
Өлең жазып жататын...
Аспанда бiр қала бар,
Тұратын кiл даналар.
Сенбесеңдер, балалар,
Түнде көкке қараңдар...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Фантазия өлеңінің авторы кім?

Ескен Елубаев — осы өлеңнің авторы.

Фантазия өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Фантазия өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ескен Елубаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Фантазия өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері