Құртқа бабама – Жарылқасын Аманұлы

Бұл бетте «Құртқа бабама» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Жатқан жерің жаннаттай әуе теңіз,
Жан ауырса рухынды сәуе етеміз.
Өзің ғана үш жүздің бас тәуібі,
Құртқа бабам, басыңа тәу етеміз.
Ғұмыр кештің екі адам ғұмырындай,
Болды ма екен қазақтың ұлы мұндай.
Басын иіп келіп тұр ұрпақтарың,
Артта қалған асылдың сынығындай,
Тазалықтың мөп-мөлдір тұнығындай.
Келді мұнда батыр да, ақының да,
Көкбөрілер бұлқынған тақымында.
Елді бастап, туды ұстап келе жатыр,
Бір ұлың екі бірдей ғасырыңда.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Құртқа бабама өлеңінің авторы кім?

Жарылқасын Аманұлы — осы өлеңнің авторы.

Құртқа бабама өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Құртқа бабама өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жарылқасын Аманұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Құртқа бабама өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері