Бұл бетте «Арман» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Мен саған жете алмадым, жете алмадым,
Алыстап сен де менен кете алмадың.
Ебім жоқ, қу тірлікке есебім жоқ,
Есімде сол есептен екі алғаным...
Жете алмай келем саған əлі де мен,
Ей, арман, зарықтырмай жаныма кел!
Ізіңді көрсетпейді Темірқазық,
Жүзіңді көрсетпейді жарық əлем.
Жақсыға жайдақ өмір жарасқан ба? –
Созып тұр көкке қолын ағаштар да.
Қара үзіп қара жерден кете алмадым,
Қайтейін, қанаттының бəрі аспанда.
Көркіңе көрші ме еді Көктем гүлі?
Көп еді көкіректің неткен мұңы:
Көзімнен бір жалт етіп көшер жалған
Мен саған жеткен күні, жеткен күні...
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі