Өткінші жалған
Бұл бетте «Өткінші жалған» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Көңілім қамсау –
Əлдекімді аңсау.
Жаңбырым жауса-ау,
Жұлдызым жанса-ау..
Қимаймын күнді,
Қинаймын кімді?
Жаныма неге
Жинаймын мұңды?
Көңілім қамсау,
Өмірім – шаршау.
Əзірге тəн сау,
Əзірге жан сау...
Жылағым келер...
Мына күн не дер?
Құрағым семер,
Шырағым сөнер.
Көңілім қамсау,
Сезімім самсау.
Жарты өмір өтті,
Қалғаны қаншау?
Жарығым өшер,
Жалыным көшер.
Тағдырым кешпес,
Тəңірім кешер...
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі