Бұл бетте «Туыстар түбі бірге, қаны бірге» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
-
admin
- 29.12.2023
- 0
- 0
- 1419
Туыстар түбі бірге, қаны бірге,
Қиын жол, қиналғанда жаны бірге.
Араңда асыр салған ардаң едім,
Арыны басылмаған әлі күнге.
Барады көтеріліп құйысқаным,
Қиын-ау туысқанмен қиыспағың.
Есіме үлкен-кіші түскен кезде,
Қолыма қаламымды жиі ұстармын.
Сарғайып жапырағым сағыныштан,
Құс көңіл қиқу салар алып ұшқан.
Күндерім еске түсер кең далаңда,
Көсілтіп кер бестінің жалын құшқан.
Бөліскен татулықтың шырын-балын,
Қош болғын, бірге өскен құлындарым.
Көктемде туған екем, көктем сайын,
Көгіңде бозторғай боп шырылдармын.
Аман бол, туып-өскен алтын бесік,
Барамын Алатауға сенен көшіп.
Жетісу жеті атамның жері екен,
Жаулардан қорғап өткен кескілесіп.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі