Бұл бетте «Қаланың түні – қара орман» атты Исраил Сапарбай жазған табиғат туралы өлең берілген.
Қаланың түні – қара орман,
Қаланың түні қоп-қою.
Қап-қара түнге қабарған
Өрт қою керек, өрт қою!
Өртенсін, жансын қара түн,
Жарыққа жарып бар маңай. –
Қапыда жарғақ қанатын
Қаға алмай қалған қарғадай.
Жалынның тілі жаланған
Шарпысын жанды, жараны.
Қасіреттен шашы ағарған
Қаралы сұлу – қаланы
Біз емес, бəлкім, хақ таныр,
Тіршілік тыным тапқанда.
Аспаннан саулап аппақ нұр
Жарасын жалап жатқанда...
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі