Беу, дүние – Жарылқасын Аманұлы

Бұл бетте «Беу, дүние» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Тоқтамас тылсым дүние керуені,
Бұл неткен шетсіз-шексіз шеру еді.
Бұл шеру адамзаттың ұрпағының,
Өмірден өтуі мен келуі еді.
Келеміз керуендер арасында,
Алланың мейірімі мол панасында.
Бірге өскен құлынынан қимастарым,
Азайып күннен-күнге барасың ба?
Дүние керуені маң-маң басқан,
Өткерген сансыз ғасыр заман бастан.
Жаңғырып жанды-жансыз жатыр әлем,
Міз бақпай қалпында тұр жер мен аспан.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Беу, дүние өлеңінің авторы кім?

Жарылқасын Аманұлы — осы өлеңнің авторы.

Беу, дүние өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Беу, дүние өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жарылқасын Аманұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Беу, дүние өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері

Басқа да жазбалар