Дауыс бер, халқым, ұлыңа

Бұл бетте «Дауыс бер, халқым, ұлыңа» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Дауыс бер, халқым, ұлыңды наза етпегін,
Бірлігің болса арманды күнге жеткенің.
Алауыз болсаң алақан жайып қаласың,
Даналар сөзі, бұл – сөзім емес тек менің.
Дауыс бер, халқым, сөзі оның отты, дуалы,
Тәуелсіз елдің желбірер көкте туы әлі.
Сергелдең шақта серкедей қойды бастаған,
Ерлердің ерін ғасырлар ғана туады.
Дауыс бер, халқым, бөлінбей ала-құлаға,
Бөлінер болсаң құладың орға, ұраға.
Бөрілер қанша тығылған бөрік астына,
Жыландар қанша жұмыртқа салған жыраға.
Дауыс бер, халқым, ұлыңа текті, киелі,
Гандидей ол да өртене елін сүйеді.
Дауыс бер, халқым, ұлыңа, текті киелі,
Нерудей ол да бір саған басын иеді.
Дауыс бер, халқым, тізіліп аппақ қайыңдай,
Бірлік бар жерде көрсінші дұшпан тайынбай.
Боз бие шалып бата бер, дана қарттарым,
Әумин, кәне! «Болсын деп Абылайымдай».
Дауыс бер, халқым, жарқылдап күліп, түйілмей,
Дұшпан да бізге тұра алмас сонда сүйінбей.
Боз қасқа шалып, қарттарым, бата беріңдер,
Әумин, кәне! «Болсын деп Төле биімдей».
Дауыс бер, халқым, арқауың босап сөгілмей,
Қаптап бір шыққан қамалдың алғаш көгіндей.
Қол жайып бата сұрайық Қызыр бабадан,
Әумин, кәне! «Болсын деп Қазыбегімдей».
Дауыс бер, халқым, ұлыңа ерен, дарынды,
Таптатпас жерге намысың менен арынды.
Қол жайып, кәне, бәріміз бата жасайық,
Әйтеке бидей болсын деп алым-шалымды.
Білесің, халқым, аямай тіптен ол жанын,
Сапарға шығып елдерде сансыз болғанын.
Қазақтың барын танытып бүкіл әлемге,
Тұрғызып жатыр бірліктің ұлы қорғанын.
Көңілің, халқым, бұл іске қалай тоя алмас,
Таныды әлем, ұйқыда ең бұрын оянбас.
Нұрсұлтан соққан қазақтың ұлы қорғанын,
Қолдай гөр Алла, ешбір күш енді жоя алмас.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Дауыс бер, халқым, ұлыңа өлеңінің авторы кім?

Жарылқасын Аманұлы — осы өлеңнің авторы.

Дауыс бер, халқым, ұлыңа өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Дауыс бер, халқым, ұлыңа өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жарылқасын Аманұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Дауыс бер, халқым, ұлыңа өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері

Басқа да жазбалар