Күрес – Ескен Елубаев

Бұл бетте «Күрес» атты Ескен Елубаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 19.09.2021
  • 0
  • 0
  • 851
Бiреу айтты:
– Қайраттың
Бойы тапал демесең,
Талайларды жайратты,
Күшi көп, – деп, – ересен...
Бiреу айтты:
– Ыңғайы.
Қара күштен пайда жоқ,
Күрескенде жығады,
Болса кiмге айла көп.
Айтсам егер,
Мысалы,
Қайрат бiзге таныс қой.
Жыға алмайды ол Мұсаны,
Мұса деген əдiсқой.
Мен ит болып кетейiн,
Жығылмайды ол тiрессе...
Сөйте-сөйте екеуiн
Айдап салдық күреске.
Қайрат шықты кiжiнiп:
– Көрсетемiн қазiр, – деп.
Мұса шықты қызынып:
– Оған мен де əзiр, – деп.
Ұстасып кеп қалысты,
Жiбермеуге намысты.
Аяқтарын шалысты,
Жатып келiп алысты.
Қарап тұрсаң,
Қайратты
Арыстандай айбатты.
Қарап тұрсаң,
Мұсаны
Жолбарысқа ұқсайды...
Мұса iшке енiп емiнiп,
Қалған едi бұлт етiп.
Қайрат жатты көмiлiп,
Қою шаңға бұрқ етiп.
– Мұса мықты!!!
– Жарады!
Деп үйдi-үйге тарадық.
Ал, Қайрат ше?
Мұсаның
Соңына ерiп барады.
«Жықпай қойман мұны мен,
Жығамын, – деп, – күресiп...»
Мұсаның ол күнiмен
Соңынан жүр iлесiп...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Күрес өлеңінің авторы кім?

Ескен Елубаев — осы өлеңнің авторы.

Күрес өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Күрес өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ескен Елубаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Күрес өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері