Өлең, жыр, ақындар

Мақтаныш

  • 09.08.2020
  • 0
  • 0
  • 2338
Таудай үлкен талабы,
Күнде «бестік» алады –
«Білгіш» дейміз мектепте
Мақан деген баланы.
Қастерлейді ананы,
Қадірлейді ағаны –
«Ізетті» деп жақтаймыз
Мақан деген баланы.
Өнерлі де саналы,
Күй тартып, ән салады –
«Өнерпаз» деп мақтаймыз
Мақан деген баланы.
Көп-ақ түрлі талабы,
Көрген жан таң қалады:
Мақтан етер мектебі
Мақан деген баланы.
Бұл – Күн-ана күші деп,
Қамқор-құстың ісі деп,
Көгершінді ел күтіп жүр,
Бейбітшілік құсы деп.
Жақын жүріп адамға,
Көгершіндер әманда
Тыныштықты тілейді
Елге, саған, маған да.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ойранбек

  • 0
  • 0

Сойталдай жігіт Ойранбек
Ойламай «қартын» аяуды:
- Бала қамын ойла! – деп,
Алақанын жаяды.

Толық

Төркінсіз қыз

  • 0
  • 0

Байлыққа арын сатты да
Байыпсыз қызы Еркіннің
Табысты күйеу тапты да,
Танымай кетті төркінін.

Толық

Бозторғай әні

  • 0
  • 0

Тау мен дала, қырқаны
Күн аймалап тұр тағы.
Көкте қалқып бозторғай,
Құбылтып ән шырқады.

Толық