Өзім барда – Жарылқасын Аманұлы

Бұл бетте «Өзім барда» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Өзім барда,
Бар менде:
Бақыт, байлық, ырысың.
Өзім барда,
Бар менде:
Алтының мен күмісің.
Өзім барда,
Жоқ демен:
Барлығы да бар менде,
Жоқ дегендер жоғалар,
Жоқ дегені құрысын!
Өзім барда,
Өмірдің
Бар байлығы менікі,
Менде барда,
Жоқ деме,
Мендегі бар – сенікі.
Өмір ортақ қазына
Сенде барда,
Жоқ демен,
Жоқ дегені құрысын.
Өзің болсаң бәрі бар –
Таси берер ырысың.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өзім барда өлеңінің авторы кім?

Жарылқасын Аманұлы — осы өлеңнің авторы.

Өзім барда өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өзім барда өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жарылқасын Аманұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өзім барда өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері