Тiрi екенсiң ғой

Бұл бетте «Тiрi екенсiң ғой» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.06.2021
  • 0
  • 0
  • 798
Тiрi екенсiң ғой,
Жүр екенсiң ғой дiн аман.
Төсiнен таудың төскейге таман құлаған
тосыннан қалай тосқауыл тапсын бұлақ – əн?!
Елеңшiл көңiл елесiңдi iздеп, ең жақсым,
Кездерiм болған елден де желден сұраған.
Сездiң бе екен,
Сарғайып болған сен үшiн
сергелдең күйге түскенiн сонда бiр адам?
Тiрi екенсiң ғой,
Жүр екенсiң ғой жерде аман
жанары – жақұт,
жамалы – ақық кермарал.
Еншiңде болып ен далаң –
Мынау кең ғалам,
Жұмақтың жұмсақ жұпарын алып келген əн –
Көзiмнен ұшып,
таусылған шақта ендi амал,
Кездейсоқ, кенет кездесе кеттiң сен маған.
Аққу əнiмдi,
сыңсып бiр ұшқан айдыннан
атты екен деп ем батылы барып қай мұндар,
Кездестiң маған араға салып ай, жылдар...
Тiршiлiгiмнiң тұнығын талай лай қылған
қайда жүр едiң хабарың болмай қайғымнан?
Жайдарман көңiл жатырқау тартып қалмаса,
Жүрер жолыңа жанымды – жайлау жайғым бар.
Өтпесiн деп ем,
Көктесiн деп ем гүл – маусым,
Уақыт, сен де жеңiлмей жүрген бiр жаусың.
Шырқауға беттеп шырқалған шақта үн-даусың,
Мен емес пе едiм толғана толқып тыңдаушың?
Бағдатын iздеп бəдəуи болған шайырдың
бəйiтi менiң басыма емей, кiмге аусын?..
Арманын əр кез əнiмен асқақ жырлаушым,
Қайда да жүрсең нұр жаусын саған, нұр жаусын!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тiрi екенсiң ғой өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Тiрi екенсiң ғой өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тiрi екенсiң ғой өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тiрi екенсiң ғой өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері