Қыз он беске келгенде – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Қыз он беске келгенде» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.07.2021
  • 0
  • 0
  • 2081
(Шал ақынның ізімен)

Қыз он беске келгенде құлпырады,
Жанарында күлімдеп Күн тұрады.
Қылығында қыл нəзік сезім ойнап,
Бұрымында бұрқырар гүлтұмары.
Он алтыда шақырып күлкі бағы,
Жүрдек соғып жүрегі бұлқынады.
Жасыл дəурен,
Жас дəурен,
Жасын-дəурен
Ұстатпайды қолына кілтін əлі.
Он жетіде көзінде сыр тұнады,
Ізгі өмірдің сезіліп ілкі мəні.
Қос көгершін қонақтап кеудесінде,
Қос көгершін ұшам деп ұмтылады.
Он сегізде алдында сын тұрады.
Жастық шақтың шақырып сылқым əні.
Мезгілінен ерте өніп, қауыз жарған
Талай гүлдің қызығы қырқылады...
Он тоғызда оянып ынтызары,
Алма-кезек ауысар күлкі-зары.
Мазалайды түндерде түсіне еніп
Махаббаттың мəңгілік ғұрпы, заңы...
Жиырмада басылмай ынтығы əлі
Жалт-жұлттанып жүргені жылтырағы.
Жас жігітпен жарасып ынтымағы,
Жанай жүрсе, жұпары бұрқырады.
Жиырмадан асқан соң кім тұрады?
Жиын-тойда сөз қылар жұрты-дағы.
«Жат жұрттыққа жаралған» жақсы қыздың
Жас жігітпен болмай ма шын тұрағы?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қыз он беске келгенде өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Қыз он беске келгенде өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қыз он беске келгенде өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қыз он беске келгенде өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері