Жылдар салып араға – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Жылдар салып араға» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.07.2021
  • 0
  • 0
  • 1558
Жылдар салып араға,
Өмір өтіп бара ма:
Көңіл шіркін, күздегі,
Жапырақтай сарала.
Ұйқы қашып далаға,
Салқын кірді санаға.
Түбі шикі тіршілік,
Түс көргендей бола ма...
Қамала, ой, қамала,
Хал-жайыма қарама:
Бізден де өмір қала ма,
Балалардан балаға?..
Жан жете алмас жағада,
Жалғыз шырақ жана ма? –
Сыңар құсым – шағала,
Қанатыңды сабала!
Бұлт ала, жер шола ма,
Көкейге шер тола ма.
Қызығы көп қызыл Күн,
Көкжиекке қона ма?
Жапырақ та сарала,
Атырап та сарала.
Ерікті алған бұл өмір,
Келіп қалды-ау жобаға.
Зымыстанға жоғала,
Гүлістан да сола ма?
Айналамыз қалай біз,
момақан бір молаға?..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жылдар салып араға өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Жылдар салып араға өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жылдар салып араға өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жылдар салып араға өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері