Қыз бен қымыз – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Қыз бен қымыз» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 27.06.2021
  • 0
  • 0
  • 1023
«Қымызды кiм iшпейдi,
Қызды кiм айттырмайды».
Халық мақалы
Сағынта келiп отырдың,
Сызыла қымыз сапырдың.
Имене кесе ұсындың,
Қызара түсiп, қысылдың.
Бiлмедiм, неден қымсындың,
Əзiрге маған тылсым бұл.
Қуана кетiп құлшындым,
Қымызға қолымды ұмсындым.
Аяулы ару – ақбөкен,
Қымызың мынау бапты екен.
Ұсынғаның да жақсы екен!
Қысылғаның да жақсы екен!
Отырсың қылдай үзiлiп.
Көңiлде көктеп жүз үмiт..,
Қараймын мен де қызығып,
Қымызбен денем қызынып.
Шөлдеп те қаппын тым аса.
Қымызға құлқым құласа,
Жарасы оның жеңiл ғой,
Қылығың, қайтем, ұнаса?
Қалайша мұны айтармын?
Бағымды немен байқармын?..
Үмiтке толы кесемдi
Осы оймен саған қайтардым.
Шөлiм де қанды алғашқы.
Сөйлемей ендi болмас-ты.
Кеудемнен менiң, байқаймын,
Жүрегiңе қарай жол қашты.
«Қымызды немен өтермiн,
Жүрегiңе қалай жетермiн?
Қараша үйдi осынау
Қалайша тастап кетермiн?
Күмбiрлi күйге келсем бе,
Өлең-жыр оқып берсем бе?
Тамылжи тамар тiлiмнен
Тəттi сөз, əлде, терсем бе?
Жанарды тұрған жасырып
Кiрпiгiң айдай ашылып,
Жаныма менiң жарқ етiп
Қарар ма ең сонда, жас үмiт?!»
Қымыздай таңдай үйiрген
Қым-қуыт осы күйiммен
Қимай да қимай амалсыз
Аттанып барам үйiңнен.
...Қымызды кiмдер iшпеген,
Қызды да кiмдер айтпаған?..
Солардың бəрi, бiрақ та,
Дəл мендей күйге түспеген!
Дəл мендей күйде қайтпаған!!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қыз бен қымыз өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Қыз бен қымыз өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қыз бен қымыз өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қыз бен қымыз өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері