Ақ жауын – Қалқаман Сарин

Бұл бетте «Ақ жауын» атты Қалқаман Сарин жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 08.04.2017
  • 0
  • 0
  • 10167
Боздасын, бәрі боздасын,
Малмандай басып су – қайғы.
Аспанның көріп көз жасын,
Қара жер қайтып құрғайды?!.

Жауын боп көктен мұң ақсын,
Жатпайды жуас жер сілкіп.
Жылағандарды жұбатсын,
Жанарларын жел сүртіп.

Жылмаңдап ақпа жылғамен,
Сұрауың бар ғой, су – тірлік.
Тазарсын мынау күллі әлем,
Күйбең де күйбең қу тірлік!

Сар далам өзі-ақ сабырлы,
Сабалап оны не керек?
Сыздатпай менің жанымды,
Себелеп жаушы, себелеп...
Ей, жауын!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері