Бұл бетте «Жалғыздық» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
25.04.2019
0
0
8574
Ешкім жоқ қасымда,
Үй іші тып-тыныш.
Жалғыз-ақ
Басымда
Үрей мен қорқыныш.
Жұмыстан апашым
Неліктен кешікті?
Қашан кеп апашым
Ашады есікті?!
Сұр көжек емес мен
Зытатын «әйт!»—десе.
Жалғызбын,
Елестен
Қорқам ба, әйтпесе!
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі