Ауылда

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 27.11.2015
  • 0
  • 0
  • 3813
Қатал боп тұр мына заман нарығы,
Қатты боп тұр нарығыңың қарымы.
Қанша жүрдім қараңғыда қарманып,
Қайда кеткен ауылымның жарығы?
Сұлбасы тұр көше-көше үйлердің,
(Мен бәріне еркін кіріп үйрендім).
Білінбейді еш тіршілік белгісі,
Жүрек сыздап, бір беймаза күйге ендім.
Әрбір үйі айналғандай қамалға,
Сенбейді ауыл қазір ешбір адамға.
Түн болғанда, төңірегін бекітіп,
Көшіп жатыр сан түрлі айла-амалға.
Жатушы едік қай төрде де көсіліп,
Дос-жаранмен сырласушы ек шешіліп.
Ауылымның дәстүріне қонақжай,
Мына заман алды әбден өшігіп.
Ауыл үстін қараңғылық басыпты,
Ай да «ұялып», бұлт тасалай қашыпты.
Аунап-қунап қайтайын деп келіп ем,
Қайран ауылым көңілімді жасытты.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ауылда өлеңінің авторы кім?

Айтқали Нәріков‎ — осы өлеңнің авторы.

Ауылда өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Ауылда өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айтқали Нәріков‎ өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ауылда өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері