Жарыс – Айтқали Нәріков‎

Бұл бетте «Жарыс» атты Айтқали Нәріков‎ жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 27.11.2015
  • 0
  • 0
  • 3132
Тіршілікте ұлы дүбір - жарыс бар,
Меже шіркін бірте-бірте алыстар.
Өмір бойы мақсатына жете алмай,
Өтіп жатыр пенделер мен арыстар.
Жас жеткіншек арман толы жүрегі,
Кеткендердің ізіменен жүреді.
Оны біраз жерге шейін апарар,
Өз ақылы, сосын мықты «тірегі» ...
Алғаннан соң буын бекіп, ержетіп,
Екі жаңтан сүйрейді оны өрге тік.
Жетер жерін бағдарлайды, байқайды,
Ал сынауға келген кезде ел жетік.
Биік пе, әлде, аласа ма өресі,
Құтылмайды ол тағдырынан көресі.
Тындырғаны татымды, әлде, татымсыз,
Шын бағасын береді ұрпақ келесі!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жарыс өлеңінің авторы кім?

Айтқали Нәріков‎ — осы өлеңнің авторы.

Жарыс өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жарыс өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айтқали Нәріков‎ өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жарыс өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері