Тәуелсіздікке тарту
Бұл бетте «Тәуелсіздікке тарту» атты akontursunbai жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Тәуелсіздік таңы атты
Еліме жарқын күн болып
Құшақ жайып қарсы алды
Бостандық үні жыр болып.
Тұңғыш басшы сайланды
Артта қалды мұң қайғы,
Елордамыз Астана
Бәйтерекпен жайқалды.
Алаш деп үміт үзбеген
Рухы жерге түспеген,
Мың тағзым етем бүгінде
Тәуелсіздікке жеткізген.
Тәуелді енді болмаймыз
Бостандық әнін жырлаймыз,
Шақырып нұрлы болашақ
Ешкімнен кем боп қалмаймыз.
Жеткізді Аллам тәубе етем
Қаншама адам тәуелсіздікті көрмеген,
Азаппен алған азаттық оты сөнбеген
Құттықтаймын алашым, тәуелсіз 25 жылменен!
Тұрсынбай Ақерке №99 мектеп-гимназиясы
Егер авторы өзіңіз болсаңыз, - авторы өзім - деп белгілеуді ұмытпаңыздар.
иә авторы өзім
Онда - авторы өзім - деген белгіні таңдау керек.
Өлең жолдары жақсы жазылған.
рақмет