Ақылымнан болса егер айлам басым – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Ақылымнан болса егер айлам басым» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.07.2021
  • 0
  • 0
  • 614
Ақылымнан болса егер айлам басым,
Жағдайымның сезер ме ем жəй болмасын.
Қалтылдаған қайықтай күй кештің-ау
Қалталының қасында, қайран, басым?
Бағым құнсыз,
Болғанда бағам бақыр,
Бар болмысын ақтарып заман жатыр.
Жалмауыздың аспаны еңсемді езіп,
Жəдігөйдің қос қолы жағамда тұр.
Залал қылық болмаса затында елдің
Ақ кіреуке шалар ма ақын көңілін?
Құдай сөзін құп алмай қу дүние
Ауызына қарап тұр əкімдердің.
Əрқайсысы орнатып сарайшығын,
Сарайшықтың келтірер бар айшығын.
Аралықта ақын жүр аласұрып
Ақиқаттың ашам деп қалай сырын.
Жайым бар ма жан баққан,
Дамыл тапқан?
Өлеңші мен
Ери қоймас жəй сөзге қаным қатқан.
Өлеңші мен сақтасын өлерменнен
Өле өлгенше Сарайдың сəнін баққан!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ақылымнан болса егер айлам басым өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Ақылымнан болса егер айлам басым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ақылымнан болса егер айлам басым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ақылымнан болса егер айлам басым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері