Жанарыңда жалтылдаса жалаң нұр – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Жанарыңда жалтылдаса жалаң нұр» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 16.07.2021
  • 0
  • 0
  • 594
Жанарыңда жалтылдаса жалаң нұр,
Қас-қабағың қара көзге қамал-дүр!
Жалғаншының жарағынан жасқанбай,
Алдамшының амалынан аман жүр.
Жайың сенiң бiр күн жарлы, бiр күн бай,
Қайың сенiң қатар өскен құрбыңдай.
Қызығыңа ғазиз басым – құрбандық,
Қырық жылда бiр келетiн қырғындай!
Қырық күн ғой шiлдеңiз де шiлiңгiр,
Одан арғы ғұмыр шiркiн бұлыңғыр...
Сөз шырынын таңдайыңа тамыз да,
Көз шырымын кiрпiгiңе iлiндiр.
Тəн талықсып,
Тамыр бойлап шырын бал,
Бал бөбектей байыз тапсын шыбын жан.
Ода оқып отырайын басыңда
Көздерiңе бiр ашылып-жұмылған...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жанарыңда жалтылдаса жалаң нұр өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Жанарыңда жалтылдаса жалаң нұр өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жанарыңда жалтылдаса жалаң нұр өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жанарыңда жалтылдаса жалаң нұр өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері