Мәңгілік жыры – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Мәңгілік жыры» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.07.2021
  • 0
  • 0
  • 709
«Ай дидарлы адамдар, күн көрікті»
Бір-ақ күнде өзгеріп үлгеріпті!
Əр кеудеде – бір қамал,
Ішінде оның
Қандай «құдай» жатқанын кім көріпті?.
Ұнжырғаңды түсірме!
Жығылма!
Тұр!
Өз күшің мен ісіңе жүгін, батыр!!!
Əр кеудеде – бір «құдай»,
Əлі күнге
Құдайлардың айқасы жүріп жатыр!
Бітпейді айқас,
Болсын бұл қаперіңде.
Қасіретің де,
Сол қауіп-қатерің де.
«Құдайға» да жан керек –
Қорыққанда,
Кеуде деген зып беріп кетер інге!
Мен де ажалдан қорқамын,
Сен де ажалдан.
Абайланар аққу да көлге қонған.
Мыңмен жалғыз алысса...
Амал қанша,
Абайың да Алла емес,
Пенде болған!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мәңгілік жыры өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Мәңгілік жыры өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мәңгілік жыры өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мәңгілік жыры өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері