Көкірегінде көлдей тұнық мұңы бар – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Көкірегінде көлдей тұнық мұңы бар» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.07.2021
  • 0
  • 0
  • 968
Көкірегінде көлдей тұнық мұңы бар
Ақын жанын сен ұқпасаң кім ұғар?
Аспанда емес,
Алты қаздың əуені
Алты қырдың ар жағынан құмығар.
Көздеріңде көлдей мөлдір мұңы бар
Ақын жанын сен ұқпасаң, кім ұғар?
Қара аспанның қарс айрылып қабағы,
Жаратқанның күні қашан жылынар?
Көмбесінде көпке жұмбақ сыры бар
Ақын жанын сен ұқпасаң кім ұғар?
Жан жұртымнан
(Жатып алмай ен жайлап)
Енді қашан ерір екен сүрі қар?..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көкірегінде көлдей тұнық мұңы бар өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Көкірегінде көлдей тұнық мұңы бар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көкірегінде көлдей тұнық мұңы бар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көкірегінде көлдей тұнық мұңы бар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері