Балаларым – Тұрмағамбет Ізтілеуұлы

Бұл бетте «Балаларым» атты Тұрмағамбет Ізтілеуұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 18.04.2019
  • 0
  • 0
  • 6180
Болсаңдар, балаларым, хатқа ұста,
Төрден жай аларсыңдар, тұрмай тыста.
Тер түгіл, төменнен де тимейді орын
Жүрсеңдер жалқаулықпен жазы - қыста.
Бақ қонып бастарыңа, орнар ықпал
Ілімнің бола қойса кені ыдыста.
Қай жерде қазынасы болса ілімнің,
Қабынды қолыңа ал да, қыдырыста.
Көнертіп алып жүрме зейініңді
Қор қылып қара түтін қойып ысқа.
Бұл күнде бүркітсіңдер жаңа түлек,
Алыңдар алтайыны парлап ұш та.
Өнерді осы кезде үйреніңдер,
Көңілді жарыстырмай ұшқан құсқа.
Жаңылыс қалайда да бола берер,
Жас жетіп ұлғайғанда алған нұсқа.
Жастағы алған үлгі жойылмайды
Таңбадай таптап ұрып салған мысқа.
Ексимін: "Ескерер, - деп, - айтқанымды",
Болмаса ойларында ақыл қысқа.
Осы айтқан үгітімді тыңдасаңдар,
Сүтіндік етерсіңдер үш Құлысқа.
Қусырып қолдарыңды отырмаңдар
Айналған адамдардай құр құнысқа.
Сауалын Сүлейменнің берген шешіп
Білімге бай болған соң бір құмырсқа.
Талабы қайбіреудің оңғарылса,
Иелік ете кетер бақ - ырысқа.
Ақылдың көкірегінде көзі барлар
Шығармас бұл сөзімді надұрысқа.

1906


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Балаларым өлеңінің авторы кім?

Тұрмағамбет Ізтілеуұлы — осы өлеңнің авторы.

Балаларым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Балаларым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрмағамбет Ізтілеуұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Балаларым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері