Жалғыз шал – Айтқали Нәріков‎

Бұл бетте «Жалғыз шал» атты Айтқали Нәріков‎ жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 27.11.2015
  • 0
  • 0
  • 2298
«Құдай маған бермеді, - деп, - бір бала»,
Отырды ол кеуде толы мұң-нала.
Ұзақ күнгі алданышы домбыра,
Ұзақ түнгі алданышы жыр ғана.
Келіп-кетіп жатқан үйге дүрмек көп,
Кісі келсе, көкірегінде гүл көктеп.
Ол қонағын құдайындай сыйлайды,
Жұрт та оны жүреді ылғи құрметтеп.
Сәйгүлікті керілдіріп кермеде,
Жоқ шығар-ау қызық та ол көрмеген.
Сүйіп алған қосағы еді кемпірі,
Оны осы көктем шыға жерлеген.
Арман! Арман! Шыңсың ғой сен басы бұлт,
Сені қуды ол жазын қысқа асырып.
Енді, міне, үнсіз ғана налиды,
Бар қайғысын бөтен көзден жасырып.
Ағыл-тегіл ақтарылып төкпе күй,
Биіктерге шырқап жатыр өктем үн.
Қайсарлықты сездіреді жалғыз шал,
Төзімділік танытады шеттегі үй.
Басы сыйлы бір адам ол бұл маңда,
Бар шаруасын көрші-қолаң жүр қамдап.
Жалғыз дейміз, адам жалғыз болмайды,
Елі-жұрты аман-есен тұрғанда!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жалғыз шал өлеңінің авторы кім?

Айтқали Нәріков‎ — осы өлеңнің авторы.

Жалғыз шал өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жалғыз шал өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айтқали Нәріков‎ өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жалғыз шал өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері