Мұң мен Шаттық алмасады, Гүлмарал – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Мұң мен Шаттық алмасады, Гүлмарал» атты Исраил Сапарбай жазған мұң туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 20.07.2021
  • 0
  • 0
  • 3110
Мұң мен Шаттық алмасады, Гүлмарал,
Көңіл гүлін қар басады, Гүлмарал.
Аспан, Жерде бірін-бірі ала алмай
Өмір, Өлім арбасады, Гүлмарал.
Күндерге күн жалғасады, Гүлмарал,
Түн түндігін таңға ашады, Гүлмарал:
«Харекетке – берекет» деп жан біткен
Тіршілігін қамдасады, Гүлмарал.
Өмір өрлеп, алға асады, Гүлмарал,
Онсыз күннің бар ма сəні, Гүлмарал?
Қыс соңынан көктем келер көзайым,
Сен байқамай қалма соны, Гүлмарал.
Қабағыңды аш, қамықпағын, Гүлмарал,
Маған анық-қанық халің, Гүлмарал.
Бүлдіршінін əлдилеп тұр алдында
Гүл бүршігін жарып бағың, Гүлмарал.
Кірпігіңді қағып қалың, Гүлмарал,
Талма таңда талықпағын, Гүлмарал.
Біз түгілі, көрмеймісің, жаным-ау,
Өсіп тұр ғой табытта гүл, Гүлмарал!
Жар төсекте жанып тəнің, Гүлмарал,
Жалғыз қалсаң, жабықпағын, Гүлмарал.
Жан тілегім – жаспен емес, жүзіңді
Нұрмен жусын жарық таңың, Гүлмарал!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мұң мен Шаттық алмасады, Гүлмарал өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Мұң мен Шаттық алмасады, Гүлмарал өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мұң мен Шаттық алмасады, Гүлмарал өлеңі не туралы?

Бұл шығарма мұң туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Мұң мен Шаттық алмасады, Гүлмарал өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері