Орынымыздан оянбай, тұрмай – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Орынымыздан оянбай, тұрмай» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 21.07.2021
  • 0
  • 0
  • 690
Орынымыздан оянбай, тұрмай,
Айласыз ажал тіл күрмеп,
Жекпе-жектегі ноян батырдай
Кетіп жатырмыз бір-бірлеп.
Шебіміз сиреп, сетінеді ме,
Қаусырып шебін қара түн?
Кім қарар өлең – жетімегіме
Соңымда сорлап қалатын?..
Айтамын жылап ақырғы əнімді
Ажалға налып ұрты май:
Аясандаршы ақындарыңды –
Батырларыңды, жұртым-ай?!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері