Көркiң-ай, көркiң, беу, сенiң! – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Көркiң-ай, көркiң, беу, сенiң!» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 19.07.2021
  • 0
  • 0
  • 650
Көркiң-ай, көркiң, беу, сенiң!
«Көрсем-ау, шiркiн...» деушi едiм.
Ай шығады екен аспанға,
Батысқа балқып енсе Күн.
Аспанға қалқып шыққан Ай
Арзуымды əппақ құптағай.
Тiлектi iңкəр құп алып,
Жүректi сыңар жұптағай.
Көргенiм құрсын, көргенiм,
Көзiме тұнды көл менiң.
Тежеусiз тентек жүрегiм
Тепкiлеп жатыр жөргегiн.
Көрсетпей қойды көк Айды,
Күлкiсiз күнiм көбейдi.
Мендегi ғашық хал осы,
Сендегi жүрек не дейдi?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көркiң-ай, көркiң, беу, сенiң! өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Көркiң-ай, көркiң, беу, сенiң! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көркiң-ай, көркiң, беу, сенiң! өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көркiң-ай, көркiң, беу, сенiң! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері