Екі байлық – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Екі байлық» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.07.2021
  • 0
  • 0
  • 619
Бір басыма екі байлық бұйырмай,
Қашқан Бақыт қанды ойнатты-ау құйындай!
Тұнығыма түкірем де түңілем,
Тұлыбына мөңіреген сиырдай.
Пенделіктің пейілінен аса алмай,
Кенделіктің қалыбынан қаша алмай,
Əлденеге алаңдаймын абыржып,
Əлдекімнің əбілеті басардай.
Ібілістің жетегіне ергендей
Шеке тұсты шерткілейді шерменде ой.
Желігімді баса алатын түрім жоқ,
Желке үзіліп, жеті қабат жерге енбей!
Тəңір көзі түссе екен деп бір маған
Тыным таппай тырбанам да…
Құр қалам.
Кім болды екен қызылымды қылғытқан?
Кім болды екен қызығымды ұрлаған?
Екі байлық: бірің - өгей, бірің - жат,
Екі жақтан есімді алдың ырылдап.
Ертелі-кеш арасында екеудің
Жазған басым жай таппай жүр шырылдап!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Екі байлық өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Екі байлық өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Екі байлық өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Екі байлық өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері