Шыққан күнмен шуақ болып шашылдым – Қасымхан Бегманов

Бұл бетте «Шыққан күнмен шуақ болып шашылдым» атты Қасымхан Бегманов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.09.2021
  • 0
  • 0
  • 618
Шыққан күнмен шуақ болып шашылдым,
Атқан таңмен қырда гүл боп ашылдым.
Жүрегiмдi ауыртады мұңдары,
Қалып бара жатқан ата ғасырдың.
Мен кеткенде қалар екен жар кiммен,
Қалар екен таңғы шықтай ар кiммен?
Аналардың көздерiнде бармын мен,
Ағалардың сөздерiнде бармын мен.
Теңiз қаңсып,
жоғалғанмен тоғандар,
Халық қалар,
өзгергенмен қоғамдар.
Бұрын өмiр
сүрiп көрген жоқ ем мен,
Өкпелетсем кешiрiңдер, Адамдар!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шыққан күнмен шуақ болып шашылдым өлеңінің авторы кім?

Қасымхан Бегманов — осы өлеңнің авторы.

Шыққан күнмен шуақ болып шашылдым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шыққан күнмен шуақ болып шашылдым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қасымхан Бегманов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шыққан күнмен шуақ болып шашылдым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері