Мен саған бірде көктем, бірде күзбін – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Мен саған бірде көктем, бірде күзбін» атты Исраил Сапарбай жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 20.07.2021
  • 0
  • 0
  • 751
Мен саған бірде көктем, бірде күзбін.
(Көңілде құйын ойнап жүр ме біздің?..)
Тұманды, күмəндімін күздігүні,
Көктемде саған арнап гүлдер үздім.
Мен саған бірде көлмін, бірде шөлмін.
Ем-домы табылар ма бұл кеселдің?
Кейбірде ағыл-тегіл ақтарылып,
Кейбірде əрең-əрең тілдесермін.
Мен саған бірде күнмін, бірде түнмін.
Өлшеулі түрін қара құрметімнің?!
Артылып жақсылығы бір басынан
Жарығы түсіп жатыр кімге кімнің?..
Мен саған бірде жақын, бірде алыспын.
Шешілмес шер тарқамай жұмбағы іштің...
Кейбірде сезінбеймін сені бар деп,
Кейбірде өзіндеймін күнбағыстың.
Білмеймін, нендей сиқыр бар осында?
Сенделдім сеңдей сезім арасында.
Адасып жүрген жаннан кейде аумаймыз
Екеуміз бір өзеннің жағасында...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мен саған бірде көктем, бірде күзбін өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Мен саған бірде көктем, бірде күзбін өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мен саған бірде көктем, бірде күзбін өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Мен саған бірде көктем, бірде күзбін өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері