Жазираның жалғыз сәні жаздағы

Бұл бетте «Жазираның жалғыз сәні жаздағы» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 30.04.2019
  • 0
  • 0
  • 2344
Жазираның жалғыз сәні жаздағы
Жиде гүлі қызыл шоқтай маздады.
Бұтаға бір қонып алып
Жас бұлбұл
Жырға айналып ағып кете жаздады.
Аралардың үзілмей бір тізбегі,
Көбелектер содан жұмақ іздеді.
Жиде гүлі тартты бәрін өзіне
Махаббаттың
Меккесіндей түздегі.
Көкжиекте сағым ойнап сәскелік,
Көз көрмейді...
Қуаныштан жас толып.
Жолдан шығып,
Саясында жиденің
Жатады адам жұпар гүлге мас болып.
Сері көзі гүлден артық не көрді!
Сұлулықсыз бүкіл тірлік бекер-ді.
Бірақ бірақ...
Әлгі жиде түбіне
Бір ит келіп сол жақ бұтын көтерді!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жазираның жалғыз сәні жаздағы өлеңінің авторы кім?

Қадыр Мырза Әли — осы өлеңнің авторы.

Жазираның жалғыз сәні жаздағы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жазираның жалғыз сәні жаздағы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қадыр Мырза Әли өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жазираның жалғыз сәні жаздағы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері