Жарыма – Алтынай Алиева

Бұл бетте «Жарыма» атты Алтынай Алиева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

1. Жарыма.
Бақытым, барым басұрған,
Сүйдірген жарым жасымнан.
Жылдарым жылжып өтсе де,
Сезімім сөнбей тасынған.
Сенімді сатқан сəттерде,
Жүректі жауып жасырғам.
Бағалай білсең барыңды,
Бақытың кетпес басыңнан.
Тауыстың кейде төзімді,
Таппадым талай қасымнан.
Таңғы шық шайып көзімді,
Балама қарап басылғам.
Алдыңнан шықсам от кешіп,
Артыңнан ерсем жұмаққа,
Бұйырсын бізге сол несіп,
Түсірме тағдыр сынаққа.
Қуанса көзің - бақ маған,
Ойласам сені - шаттанам.
Махаббатымсың мəңгілік,
Жүрегімде сақтаған.
Алтынай Алиева 05.03.2018
#жүректегіжазбалар


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жарыма өлеңінің авторы кім?

Алтынай Алиева — осы өлеңнің авторы.

Жарыма өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жарыма өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Алтынай Алиева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жарыма өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері