Теңіздегі шағала

Бұл бетте «Теңіздегі шағала» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 690
Айқара ашық теңізге
Үйде балкон есігі,
Соққан сонда лезде
Ерке желдің есуі...
Сұраусыз-ақ енеді
Самал сері бөлмеме,
Сипап нәзік себеді
Жұпар исін кеудеме.
Жұлдыз ояу бұл түнгі
Жоқ аспанның бұлты да,
Тәтті рахат ертеңгі
Жатыр едім ұйқыда...
Шырқап жырдай үн қатты
Әлденеме бір шеттен,
Шырт ұйқыдан оятты
Жатқан мені төсектен.
Көз тастасам қарсы ала
Толқын ұрған жағаға,
Келген екен жар сала,
Шаңқылдап топ шағала...
Көк теңіздің үстінде
Толған аппақ шағала,
Ақ шағала үстіне
Күн шашқан от шұғыла!..
Теңіз беті көркейген
Шағала аппақ, толқын көк,
Суға түскен ертеңмен
Шұғыла тұр алтын боп.
Бұл сұлулық мың сыры
Қалды көзде көлеңдеп,
Суреттейтін осыны, –
Шіркін, сұлу өлең жоқ!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Теңіздегі шағала өлеңінің авторы кім?

Тайыр Жароков — осы өлеңнің авторы.

Теңіздегі шағала өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Теңіздегі шағала өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тайыр Жароков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Теңіздегі шағала өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері