Асыл өмір – Алтынай Алиева

Бұл бетте «Асыл өмір» атты Алтынай Алиева жазған өмір туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

Асыл өмір. Ғасыр өмір.
Мен өзіңе ғашықпын,
Бақтың беріп бұйыртқанын,
Несібемді тасыттың.
Демеп тұрып шыңға өрлетіп,
Бірден құзға құлаттың.
Бірде күндей күлімдетіп
Бірде оңдыртпай жылаттың.

Асыл өмір. Ғасыр өмір
Мен өзіңе ғашықпын.
Кейде жанды жадыратып,
Кейде ұялтып жасыттың.
Тоңдырса да суық күздер,
Қарсы ағысқа жүзбедім.
Өмір - дауыл арасынан
Жылы жерін іздедім.

Байлық беріп, бақыт бермей,
Біреулерді сынадың.
Бақыт беріп біреулерге,
Денсаулығын сұрадың.
Сонда дағы адам ынтық,
Осы өмірді сүруге,
Таңнан тілеп тəтті ғұмыр,
ДАЙЫН ЖЫЛАП, КҮЛУГЕ.
А. Алиева.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Асыл өмір өлеңінің авторы кім?

Алтынай Алиева — осы өлеңнің авторы.

Асыл өмір өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Асыл өмір өлеңі не туралы?

Бұл шығарма өмір туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Асыл өмір өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері