Ыбырай ескерткіші
Бұл бетте «Ыбырай ескерткіші» атты Серік Тұрғынбеков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Көз айырмай томдардан,
Төмен беріп бетіңді...
Тұғырында қомданған
Қыран бүркіт секілді.
Отырысың дәл бұлай,
Қуат алып ой-оттан.
Ғұмыр бойы қалғымай,
Ұйықтағанды оятқан.
Сен бір ғажап құдірет,
Нұрландырған ақылды.
Қысқа күнде мың рет
Қайталаймын атыңды.
Шырақ жаққан төскейге,
Қаба сақал, күміс шаш.
Мына тұрған тас бейне
Құдайларға тым ұқсас.
Прометейі даланың,
Сені көрсем, күй табам.
Талай мұңлы баланың
Маңдайынан сипаған.
Айтыңдаршы... ал сонда
Кімді жеңген бұл өлім.
Тас мүсін боп қалсаң да,
Тоқтамапты-ау жүрегің.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі