Бұл бетте «Құралай» атты Серік Тұрғынбеков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Өлеңін жазған: Серік Тұрғынбек
Әнін жазған: Әсет Бейсеуов
Былдырлаған тілін-ай,
Еркелеген гүлім-ай
Жүрегімнің жылуы-ай,
Жан сезімнің тұнығы-ай.
Қайырмасы:
Айдын көлдің құрағы-ай,
Жанарымның шырағы-ай.
Қаз-қаз басқан құралай,
Тәй-тәй басқан құралай.
Желбіреген тұлымың,
Сыңғыр қағып тұр үнің.
Құмарымды қандырған,
Қошақандай құлыным.
Қайырмасы:
Қайың ба екен, тал ма екен?!
Шекер ма екен, бал ма екен?!
Дүниеде дәл сендей,
Тәтті бала бар ма екен?!
Қайырмасы:
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі