Ғашық әнім
Бұл бетте «Ғашық әнім» атты Серік Тұрғынбеков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
1. Сенсің менің аяулы ғашық әнім,
Дидарыңды көруге асығамын.
Көкті самғап кетсем де, жерді шарлап,
Махаббаттың алдында бас ұрамын.
Қайырмасы:
Сенсің менің бақытым, қуанышым,
Көңілімнің көктемгі шуағысың.
Айтса – тілім жетпейтін, созса – қолым,
Махаббаттың ең биік шынарысың.
2. Сенсің менің бақ-дәулет, байлығым да,
Жоламайды сен болсаң қайғы-мұң да.
Аққу қаздай бір жүріп тербелейік,
Махаббаттың мәңгілік айдынында.
Қайырмасы.
- Бенедикт Спиноза
- Ясунари Кавабата
- Мұстафа Шоқай
- Абай Құнанбайұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі