Айтыс – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Айтыс» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.02.2022
  • 0
  • 0
  • 2015
Бала:
Кейбір біздің ағалар
сөз сөйлеуге керемет.
Ал балаға қамқорлық
онша емес қой, не керек!
Біздің шеберханада
құрал-сайман болмайды.
Бізге берген трактор
әйтеуір бір оңбайды.
Қыз:
Сен жүрсең трактормен жолда қалып,
ағалар жөндеп берер онда барып.
Ал бізде іс үйретер жетекшіні
жүреді директорлар қолбала ғып.
Бала:
Доп тепсек, кең даланың шаңы да еріп,
сонда біз жалаңаяқ қалып едік.
Киеміз қашан біз де крассовка
сүйкімді, әп-әдемі әрі берік?
Қыз:
Жүрмесек әдемі боп ол бір айып,
Біз үшін жақсы киім болды ғайып.
Балаға тіккен киім бәрі бірдей
неліктен тұрады осы солбырайып?!
Бала:
Балғынбыз, жұмсар жай жоқ елді күшпен,
үйреніп, үлгі аламыз ерлік істен.
Ақы да төлемейміз, сондықтан ба –
келмейді жетекшілер өндірістен.
Қыз:
Ойыншық — жан серігі әр баланың,
солардан басталады талғам, әнім.
Ал бізде жөні түзу бір ойыншық
таппайсың, мен осыған таңқаламын.
Бала:
Жарқын өмір, жақсылық
біздерге де келер-ау,
балалардың мұңына
шын ниетпен енер-ау!
Өзгеріс көп өмірде,
біздің жай да жаңарар!
Іспен жауап күтеміз
өздеріңнен, ағалар!
Екеуі қосылып:
Ағаларға сенеміз,
үмітті де үзбейміз.
Соңдарыңнан келеміз,
ертеңгі ерлер — біз!— дейміз.
1988


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Айтыс өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Айтыс өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Айтыс өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Айтыс өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері