Поезда
Бұл бетте «Поезда» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Зулайды поезд ырғалып,
қараймын кербез далаға.
Көтеріп көкке шыңдарын,
көрінді таулар ақ ала.
Мынау бір жасыл даланың
естуші ем атын бұрын жай.
Көрінді, міне, Аралым –
ақынның мөлдір жырындай.
Көрдім де сұлу Сыр маңын,
селт етіп бір сәт тыңдадым:
Әбділда ағам жырларын –
күбірлеп жатыр сырлы ағын.
Зулайды поезд белеспен,
етегін таудың бөктерлеп.
Жұпардай майда желі ескен,
жотасы жасыл – көкпеңбек.
Дүние жаңа, жер жаңа
қартаймас мәңгі ұямдай.
Созылып жатыр кең дала
жеткізбей жүрген қиялдай...
1957
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі